«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қыс балалық шақтың естелігі

02.02.2021

Табиғаттың әрбір мезгілі ерекше болатыны сөзсіз. Әр мезгілдің өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар.Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қолдарына шана сүйреген балалар , жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес,оның жылы нұрын,ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады. Ата-аналардың балабақшадағы балалардың өмірін қызықты етіп өткізуіне ата-аналардың да көмегі ауадай қажет. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып,нұрын төге түскендей,көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.Қардан әр түрлі мүсін жасауға болады. Мысалы, Аққала шырша, мысық, жылан және т. б. Өткен аптада Күншуақ тобының ата-аналарымен   балалары жиналып Губка Боб «Квадратные штаны» атты  мультфильмнен алынған қардан мүсінің  жасадық. Балалармен ата-аналардың назарын сол мүсінге аударып жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей барлығы бірлесіп жасады.  Балалар көптеген шығармашылық қасиеттерге үйренеді. Мысалы: домалақтау,жалпақтау,тегістеу. Мүсінді бастамас бұрын бірінші балаларға  қандай заттар қолданылатынын айтып түсіндірдік. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар.

                

 

  • IMG-20210202-WA0037.jpg
  • IMG-20210202-WA0038.jpg
  • IMG-20210202-WA0039.jpg
  • IMG-20210202-WA0040.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст