31 қаңтар 2024жылы "Алема" балабақшасында "Мектепке дейінгі білім мен тәрбие беруде жобалау іс-әрекетін қолданудың тиімділігі" тақырыбында қалалық тәжірибе алмасу семинары болып өтті. Семинардың мақсаты ерте жастан тәрбиеленушілердің бойында ізденушілік, зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру болды. Семинарда тәжірибе іс әрекеті, кіші ғылыми жоба сайысы және тәрбие шарасы көрсетілді.Іс әрекет барысында балалар
зерттеу әдісін қолдана отыра,қолдарымен ұстап, көздерімен көріп, сезініп түйсіну арқылы сыни ойлауды дамытуға әрекет етті. Алғаш рет балабақша қабырғасында кіші ғылыми жоба сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 4 жоба қатысты. Балалар
зерттеу жұмысын алу арқылы өз күші мен мүмкіншілігіне сенімін арттырды. Көпшілік алдына шығып өз ойын жеткізе білуге үйренді. Жоба жеңімпаздары анықталып, марапатталды