«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Логопедтен ата-аналарға кеңес

  • 1. Әр іс әрекет кезінде өз балаңызбен сөйлесіңіз, мысалы, тамақ жасау кезінде, үй жинап жүргенде, киіндіріп-шешіндіргенде, ойнағанда, серуенге шыққанда және т.б. не істеп жатқаныңызды, не көргеніңізді, бала не істегенін, басқа адамдар не істеп жатқандарын және баланың не көріп отырғанын айтып отырыңыз.
  • 2. Асықпай сөйлесіңіз, қалыпты темпте, интонациямен.
  • 3. Құрастырылған сөздерді, сөйлемдерді ДҰРЫС қолданып айтыңыз. Сіздің сөйлеміңіз баланың сөйлемінен 1 – 3 сөзге ұзын болу керек. Егер де сіздің балаңыз өз ойын әлі тек бір сөздік сөйлемдермен ғана білдірсе, онда сіздің сөйлемшеңіз екі үш сөзден тұру керек.
  • 4. АШЫҚ сұрақтарды қойыңыз. Бұл балаңыздың жауап бергенде бірнеше сөздерді қолдануға итермелейді. Мысалы: «Ол ойнып отыр ма?» дегеннің орнына «Ол не істеп отыр?». Егер де бала жауабында қиналса, сұрақты қоя отырып «немесе» деген сөзді қолданыңыз. Мысалы: «Бала секіріп тұр ма немесе жүгіріп бара ма?».
  • 5.  Баланың сөйлеуіне және сұрақтарға жауап беруіне мүмкіндік үшін, уақытты кішкене созып тұрыңыз.
  • 6. Сізді қоршаған дыбыстар мен дауылдарды таңдаңыз. Балаға айтыңыз: «Тыңдашы, ит қалай үретінін, ал бұл желдің дауылы» және т.б. Ал сосын сұраңыз «Бұл не?» Бұл иттің үруі, желдің дауылы, ұшақтың дыбысы, жапытақтардың сылбыры, өзеннің сылдырлап ағуы және т.б.
  • 7. Қысқа әңгіме, оқиғаны айтыңыз. Сосын балаға бұл оқиғаны Сізге немесе басқа кісіге айтып беруіңе көмектесіңіз. Қиналған кездеріңде, бағыттайтын сұрақтарды қойыңыз.
  • 8.  Егерт де бала сөйлегенде бірнеше ғана сөздерді қолданса, оның сөздік қорын байыту үшін жаңа сөздермен таңыстырыңыз. 5-6 сөз таңдаңыз (дене бөліктері, ойыншықтар, азық-түліктер) және оларды балаға атаңыз. Оған сөздерді қайталауға мүмкіндік беріңіз. Бала оларды үздік дыбыстайды деп күтпеңіз. Баланы жандандырып, сөздерді жаттатқыздыра беріңіз. Бала сөздерді дыбыстаған кейін, 5-6 сөзді енгіздіріңіз. Бала оны қоршап жатқан көп заттардың аттарын меңгергенше дейін, осылай сөздерді қосып отырыңыз. Күн сайын жаттықтырыңыз.
  • 9. Егер де бала бір сөз ғана айтса, оған қысқа сөйлемшелерді жаттатқыздырыңыз. Балаңыз білетін сөздерді қолдаңыңыз. Түс, көлем, әрекетті қосыңыз. Мысалы: егер де бала «доп» десе, кейін оны «улкен доп», «Арманның добы», «дөңгелек доп» деуге үйретіңіз.
  • 10. Жаттығулардың көбін ойын түрінде өткізіңіз. Баламен жұмыс оның сөзді еліктеуін, байланыс тілдің элементтерінің қалыптасуын, естің және зейіннің дамуын белсендіреді.

 

Жаңартылған күні: 02.02.2021 11:27
Құрылған күні: 02.02.2021 11:27

Текст