«Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту» тақырыбында аудандық семинар өтті.
«Алтын дән» балабақшасында 01 ақпан 2019 жыл педагогтардың қатысуымен аудандық семинар өтті. Семинарға аудан көлемінде балабақша педагогтары және ауданының білім бөлімінің әдіскерлері барлығы 35 адам қатысты.
Оқу-тәрбие үрдісінің жүйелілігі, әр топта өткен ұйымдастырылған оқу қызметтері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына сәйкес өтті. Семинарға педагогтар жоғары деңгейде дайындалған. «Ақкөбелек» II кіші тобында Нургалиева Р.Н. «Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша «Су-тіршілік көзі» тақырыбындағы оқу қызметі балалардың жас және психо-физикалық қабілеттері, жеке-дара ерекшеліктері ескеріліп бағдарлама талаптарына сәйкес, өткізілу ұзақтығы ескеріле отырылып құрылған және оқу қызметінде мотивация, шаттық шеңбері, сергіту сәті, сұрақ-жауап, суретті алгоритм әдіс-тәсілдері, ойын элементтері қолданылды.
«Жұлдызай» ортаңғы тобында Инсебаева Р.К. және Тоқсанбаева Ж.К. тәй –тәй технологиясы арқылы «Таным», «Шығармашылық» білім беру саласының «Жаратылыстану» және «Аппликация» бөлімдері бойынша орталықтарға бөлініп, тәжірибе жасау арқылы өткен «Тұздың пайдасы мен қасиеті» тақырыбындағы оқу қызметінде балалардың белсенділіктері, қызығушылықтарын арттыру мақсатында олардың ынтасы, тілектері ескерілді және балалардың шығармашылық өзіндік іс-әрекеттерін арттыруға негізделіп, ойыны түрінде өткізілді.
«Ботақан» ересектер тобында Сақтанова Н.Е. «Таным» білім беру саласының «Жаратылыстану» бөлімі бойынша тәжірибе жасау түрінде өткен «Жер және оның серігі» тақырыбындағы оқу қызметінде тәрбиеленушілерге жер серігінің, жалпы қозғалысы туралы түсінік беріліп, балалардың сөздік қорларын, тілін, грамматикалық тұрғыда жүйелі сөйлей білу қабілеттерін дамытып, қызығшылықтарын арттыру мақсатына көрсетілді.
«Мультяшки» ересектер тобында Шаханова К.А. «Коммуникация», «Әлеумет», «Таным» білім беру саласының «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» және «Көркем әдебиет» бөлімдері бойынша өткен, «Бала және гүл» тақырыбындағы оқу қызметінде сын тұрғысынан ойлау, эксперименттер жұмыс жүргізу арқылы, дидактикалық ойындар оқу қызметінің өз деңгейінде өтуіне әсерін тигізді.
«Күншуақ» мектепалды даярлық тобында денешынықтыру нұсқаушысы Байжанова А.Е. «Денсаулық» білім беру саласы бойынша денешынықтырудан өткен оқу қызметі өткізді, балаларға өте қызықты болды. Түрлі қимылды ойындар қолдану арқылы балалардың қызығушылықтарын арттырды.
«Капитошка» мектепалды даярлық тобында Шалданбаева Г.К. балалармен музыкалық қойылым «Сказка о глупом мыщонке» ертегісі желісімен орыс тілінде сахналады. Балалар сюжеттік-рөлдік ойындарды өте тамаша сомдады. Құрылымы балалардың жас ерекшеліктеріне сай болды.
«Алтын дән» балабақшасының барлық қызметкерлері мен бүлдіршіндерінің қатысуымен музыкалық сәлемдемеде ән мен биден шашу шашты.
Семинар соңында балабақша әдіскері Ешмуханова А.А. «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту» тақырыбы бойынша тақырыпты ашу мақсатында презентация жасады. Іскерлік ойын өткізіп, келген педагогтармен тренингетр жүргізілді. Балабақша тәрбиешілері Шакирова К.М. «Мектеп жасына дейінгі балаларға асық технологиясын қолдану әдістері», Шабденова З.К. «Мектепке дейінгі ұйымдарда В.Воскобовичтің ойын технологиясын қолдану» тақырыбында слайд презентация жасады, технологияның қолдану әдісін көрсетті. Балабақша психологтары Кошанова М.К. және Карабекова К.М. тәрбеишілермен тренинг рефлексия жұмысын жүргізіп, бүгінгі семинар жұмысын қорытындылады. Аудандық білім бөлімінің әдіскерлері семинар жұмысын қортындылай келе, педагогикалық технологиялар, оқыту әдіс-тәсілдері ойын түрлері семинар тақырыбына сай, тиімділігіне қарай қолданылғанын және семинар бекітілген бағдарлама бойынша өз дәрежесінде өткендігін айтып, педагогикалық ұжымға шығармашылық табыс тілеп, алғысын білдірді.