«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Тайтөбе ауылының "Сұлу-Ай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Тайтөбе ауылының "Сұлу-Ай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Тайтөбе ауылының "Сұлу-Ай" бөбекжайы" МКҚК 2025 жылдың 20 наурыз күні «Ұлттық құндылықтарды ұлықтау» атты құзіреттілік орталықтың жоспарына сәйкес педагогтерге шеберлік сыныбы өткізілді.

Шеберлік сыныптың мақсаты: Ұлттық құндылықтар арқылы мектеп жасына дейінгі педагогтардың педагогикалық құзіреттілігін және шығармашылық белсенділіктерін арттыру.

Шеберлік сыныпқа басқа балабақшалардан педагогтер келіп қатысты.

Қатысқан педагогтер саны: 23

Қатысқан балалар саны: 40

Ата-аналар:20

Іс-шара «Наурыз-жыл басы!» атты балалар өз өнерлерін көрсеткен мерекелік концерттен бастау алды. Музыка жетекшісі С.Ш. Жуманазарова мерекелік іс-шара ұйымдастырса, Е.Мәдет көрмені таныстырды. Келген педагогтар балабақшадағы заттық дамытушы ортаны аралап, балалардың ойнаған іс-әрекеттерін бақылады. Өз шеберліктерімен бөліскен педагогтар

Э.М. Темешева гипстан асық жасау жолдарын көрсетсе, Қ. Досанбек қыштан құмыра жасау жолдарын көрсетті. Б.С.Сарсенбинова фетрден және түрлі –түсті әшекейлерден қыздар сөмкесін жасау қөлөнерімен таныстырса,

 Г.С. Зейтенова,  Л. Хатпи кесте тігудің әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Шеберлік сынып соңында келген қонақтар алған әсерлерімен бөлісіп, алғысын білдірді.


Текст