Әртүрлі жастағы топтарда күні
бойғы қозғалыс режимі.
Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшаларда дене тәрбиесі маңызды орын алады.
Ол мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайтуға және өз беттерімен қимылдар жасай білуді үйретуге бағытталған. Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесінің негізгі мақсаттары мынадай;
Балалардың неізгі қимыл әрекеттерін жетілдіріп, спорттық қозғалыс жаттығулары мен ұлттық ойындарды үйрету және сол үйренгендерін өз еріктерімен орындауға әрекеттендірдік.
Бұл мақсатта қазақ халқының бала денесін жетілдіру әдістері, оларды қолдану жолдары және ғасырлар бойы сұрыпталып келген озық тәжірибелер де ескерілген.
Өйткені ата-бабаларымыз балаларын ат құлағында ойнатып,қырда жарыстырып, шабандоздыққа үйреткен. Осындай мәнді де мағыналы тіршілік пен енбек түрлерін игеру әреккетері арқылы балалардың денесі шынығып, шымыр да тұлғалы бітім қалыптасқан,алып күштің иесі де шыққан.
Осы ұлттық дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру мақсатында біздің балабақшада қазақ халқының тіршілік әрекетіне байланысты ұлттық нақыштағы қимыл-қозғалысына арналған жаттығуларды әр топтағы балаларға жасатып үйрету жұмыстары жүргізілді.
Балабақшада дене тәрбиесі сабағы қимыл іс-әрекеттер, жаттығулар жасау және үйретуді қалыптастыру қолданылады.
Адамның дене қуаты қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғары деңгейге жеткізу дене тәрбиесінің басты міндеттерінің бірі болып табылды.