Текст
«Айгөлек» ересек тобында «Тілге бойлау» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-әрекет өтті.
Тақырыбы: «Театр мектеп жасына дейінгі балалардың үйлесімді сөйлеуін дамыту құралы»
Мақсаты: балалардың кейбір ойын әрекеттерін бейнелеу және кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне еліктеу, мимика, ым-ишара және қозғалыстар арқылы кейіпкерлердің қарапайым эмоционалдық күйлерін жеткізу қабілетін дамыту. Кейіпкерлерді қазақ тілінде атауларын атай білуге үйрету .