«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балалардың еркеліктері мен қырсықтығын қалай жеңуге болады?»

1. Есте сақтаңыз-«Бала-ол ата-ананың адамгершілік өміріндегі айнасы»

2. Балаңызға деген талапты көтермеңіз.

3.Балаңызға еркіндік беріп, бірақ әркез қасында болыңыз.

 4. Балаңызды мақтаңыз, мақтау ешқашан артық болмайды.

5. Балаңыз еркелеп, Сізді тыңдамаса-оны біраз уақыт жалғыз қалдырыңыз, бала ойланып, тынышталады.

6. Кішкентай балалар үшін көңілін басқа жаққа аудару тәсілін қолдануға болады.

 7. Үлкендер міндетті түрді балаға таңдау беру керек.(Сен көже ішесің бе әлде екінші жейсің бе?)

 8. Жанжал болған жағдайды бағалаңыз. Мүмкін Сіз балаға жол берерсіз. 9.Егерде сіз баладан бірдеңе істеуді өтінсеңіз, Ол міндетті түрде Сіздің өтінішіңізді орындау керек. Бірақ Сіз оны қадағалауыңыз керек. Егер өтінішіңіз орындалмаса, балаға ескерту жасалады.

10. Бала еркелігі- ол дұрыс тәрбие бермеудің нәтижесі.

 11. Баланың кейбір қылықтарына ашуланбау мүмкін емес. Ол жиі болмаса да кей - кейде орын алып тұрады. Міне, осындай кездері оған ашулануыңыздың себебін сабырлы кезіңізде түсіндіруден қашпаңыз. «Кішкентай ғой, не түсінер дейсің?» деген түсініктен де аулақ болыңыз. Оның қай жерде дұрыс жасамағандығын айтыңыз және неге бұлай еткендігінің себебін сұраңыз. Сонда араларыңызда бір - біріңізді еркін түсінетін көпір қалыптасады.

12. Өзінің айтқанын орындату үшін жерге өзін тастай салып, жата қалып жылайтын баланы жазалаудың ең дұрыс әдісі - оны жалғыз қалдыру. Үнсіз ғана оның бұл әрекетін елемеген болсаңыз, осы жазаңыз да жеткілікті болады. Мұның да себебі бар, өйткені бала өзіне назар аудартқанды жақсы көреді. Жата қалып жылай бастағанына назар аудармасаңыз, оның орынсыз екенін сезіне бастайды.

13 Егер баланың қандай да бір іс - қимылы сізге жағымсыз болса, ыңғайсыздық тудырып жатса, оған шектеу қойғаныңыз дұрыс. Бірақ, әрине бірден түріңізді өзгертіп «болмайды!» деп айғай салу дұрыс емес. Одан да баланың назарын басқа бір қызықты іске айналдырып жіберуге болады. Мұнда сізге сабыр қажет. Сонымен қатар, бала тілімен, оған түсінікті түрде бұлай жасау өзіңізге ыңғайсыздық тудыратынын түсіндіріп айтсаңыз, жетіп жатыр.

 

Жаңартылған күні: 11.01.2023 10:53
Құрылған күні: 11.01.2023 10:53

Текст