«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тілге бойлау" пилоттық жобасы

            Орыс тілінде оқылатын мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында қазақ тілін оқыту көзделген (ҚР ПМ 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы) "Тілге бойлау" бағдарламасы ҚР ПМ балаларды ерте дамыту институтының ғылыми-әдістемелік кеңесінде қаралып, ұсынылды( 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №7 хаттамасы).

             Бағдарламаның мақсаты: балалардың физикалық қасиеттерін дамытуда коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру арқылы, танымдық және зияткерлік дағдыларды, шығармашылық дағдыларды, зерттеу қызметін дамытумен катар әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды қалыптастыруда қазақ тілін оқыту үшін жағдайлар жасау.

             Балаларды мемлекеттік тілге үйрету (ҰІӘ  кестесіне сәйкес мектепалды тобында аптасына 2 рет  және ересек топтарда  аптасына бір рет) күн сайын күн тәртібіне сәйкес әр түрлі қызмет түрлері арқылы ұйымдастырылады: қарым-қатынас, пәндік, ойын, еңбек, көркем әдебиет

( педагогтың көркем әдебиетті оқуы, кітаптарды,  иллюстрацияларды  көруі), театрландырылған және дербес.

      Жоба аясында балабқшамыздағы екі орыс тобы  «Балдәурен» мектепалды тобы  тәрбиешілері - Шаханова Карлыгаш Адилхановна ,  Ксаинова Гульфия  Геннадиевна, 24 бала  және  «Айгөлек»  ересек тобы тәрбиешілері- Баймуратова Гаухар Алтынбековна,  Ахмедова Гульчехра Махамматовна ,  25 бала  қатысып отыр. Оның ішінде қазақ ұлтының балалары - 43, өзге ұлттар – 6 бала.

        Күн сайын балалармен қарым-қатынаста  үлгілік оқу бағдарламасы бойынша сөздік минимумды күнделікті  іс-әрекетке қосу арқылы өткізіледі. Қазақ тілі мұғалімінің  перспективалық жоспарына сәйкес мақсат міндеттерді қолдану арқылы , балалардың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын оятып, күн ішінде барлық режимдік сәттерде және ұйымдасырылған  іс-әрекетте қазақ тілінде ауызша сөйлеудің қарапайым дағдыларын қалыптастырамыз. Сондай-ақ, балалардың мемлекеттік тілді меңгеруі мен қолдануының маңыздылығы туралы ата-аналармен жұмыс жүргізіледі. Осы мақсатта ата-аналар жиналысы өткізіліп, бағдарламамен, МЖМБС-мен таныстырылды, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қазақ тілін үйрету уақыт талабы екені түсіндірілді.

       Сонымен қатар балаларды қазақ тіліне оқытуға неғұрлым ертерек көңіл бөлсе, қолайлы тілдік орта қалыптастырса, мемлекеттік тілді оқыту бойынша жұмысты жүйелі түрде ұйымдастырса, нәтижелер соғұрлым табысты әрі тиімді болады. 2024-2025 оқу жылына арналған балалармен және ата-аналармен жұмыс жоспары жасалды. Күн сайын екі тілде сәлемдесу, қоштасу және алғыс айтуды  үйренді. Ата-аналар мен балалардың арасында «Алтын күз» тақырыптық көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ «күз» тақырыбы бойынша қазақ тілі мұғалімдері мен тәрбиешілері қарқынды жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ топта пәндік-кеңістіктік ортаны дамыту бойынша жұмыстар жасалды. «Ұлттық құндылықтар» бұрышын тәрбиешілер мен

ата-аналар материалдармен және ойындармен толықтыруда. Ата-аналарға арналған бұрышта өткен тақырып, зерделенген сөздер және т. б. туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады. Балалармен «ұлттық ойындар жәрмеңкесі» өтті. Балаларды әртүрлі ұлттық ойындармен таныстырды, кейбір ұлттық ойындар  ойнатылды, сондай-ақ көшпенділердің дүниежүзілік ойындары туралы түсінік берілді. Балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылықтары  өте жоғары, танып білуге  құштарлықтары жоғары.

«Аналар», «Әжелер», «Әкелер» мектебінің жоспарына сәйкес қараша айында жылы ата-ананы баланы дамыту үдерісіне тартуды  күшейту және балалардың отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнату мақсатында балабақшада  «Отбасы тәрбиесінің алтын қазықтары»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қазан  айында «Аналар» мектебінің жоспары негізінде  «Мен анамның көмекшісімін» атты челендж өтті. Желтоқсан айында «Әкелер» мектебінің жоспары бойынша  «Бала тәрбиесіндегі менің рөлім» сауалнама жүргізілді.

Балабақшамызда балалардың дүниетанымын кеңейту, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жүйелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Өнеріміз саған, Қазақстан»  атты  мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа ересек және мектепалды топтар қатысты.

Тәрбиеленушілер қазақ халқының ұлы ақындарының өлеңдірін мәнерлеп машығына келтіріп оқып, белсене ат салысты.

Қараша айында «Айгөлек»  ересек тобында «Театр әлемінде» тақырыбында ұйымдастырылған іс -әрекет өтті. Балалар қазақ тілінде ертегілер айтып, кейірпкерлерді сомдап, атауларын атап көрсетті.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша  асық ойнауға деген қызығушылығын арттыру мақсатында  «Асық ату» челенджі , «Бес асық» және «Бестемше» ойындарынан турнир ұйымдастырылды.  «Шаңырақ» бейнеролик отбасылық байқауы өтті. Балаларға ұлттық ойын түрлерін дәріптеу,үйрету,ойнату мақсатында  тәрбиеленушілер арасында "Спорт-денсаулық кепілі "атты спорттық сайыс өткізілді.

Желтоқсан айында балабақшамызға «Тілге бойлау» пилоттық жобаны іске асыруы бойынша балаларды ерте дамыту институты директорының м.а Ерманова М.Н; «Мектепке дейінгі білім беру мазмұны» зертханасының меңгерушісі Мукушева Г.О; «Ғылыми-практикалық зерттеулер» зертханасының аға сарапшысы Бижанова А.А
келіп «Балдәурен» мектепалды тобы және «Айгөлек» ересек орыс тобының тәрбиеленушілерінің қазақ тілінде ауызша сөйлеуін, қарапайым дағдыларының қалыптасуын , ұйымдастырылған іс-әрекеттерін көріп, топтардағы дамытушы ортаның жабдықталуын қарап, педагогтарға әдістемелік көмек берді.

Жаңартылған күні: 16.01.2025 17:54
Құрылған күні: 16.01.2025 17:54

Текст