«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Болашақ патриоттар шеруі»

Патриотизм деген ұғымды әр адам әрқалай түсінеді. Дегенмен де еліңе, Отаныңа, отбасыңа тіпті айналаңа деген ыстық ықыласты патриоттық сезіммен ұштастырып жатамыз. Патриотизмнің мәні мен мағынасын саралау мақсатында "Алема" балабақшасында  «Біз-патриотпыз!» атты мерекелік шара өткізілді. 
"Патриоттық сезім көзге көрінбейтін, әр адамның өне бойында сайрап тұратын керемет құбылыс. Бұл сезім біздің жүрегімізде. Әр адам өз туған елін, жерін, Отанын өздігінше сүйеді. Байқағаным жырақ кетсек елімізді аңсап, топырағымызға аунағымыз кеп тұрады.  Осының барлығы көзге көрінбейтін, бірақ тұла бойымызбен сезінетін сезім. Менің ойымша патриот емес адам мүлдем жоқ. Өйткені біздің еліміз биік белестен көрінсе, әсіресе спортшыларымыз жеңіс тұғырында көк туымызды желбіреткенде, қуанамыз ба? Қуанамыз. Ән ұранымыз шырқалғанда, оң қолымызды кеудемемізге қойып рухтанамыз ба? Рухтанамыз. Елімізге қатер төніп тұр десе алаңдаймыз ба? Алаңдаймыз. Осылай кете береді. Міне, осы сезімнің барлығы біздің патриот екеніміздің белгісі. Сондықтан елім деп соғатын әрбір жүректің иесі өзін патриотпын деп еш күмәнсіз айта алады»-деп тәрбиеші Сандуғаш Советханқызы тәрбиеленушілерге патриот ұғымын қарапайым тілде түсіндіріп берді. Шараға қатысқан тәрбиеленушілер патриоттық ән шырқап, сурет көрмесіне туындыларын қойып, сап түзеп мерекелік шеру жасады. Еліміздің тарихы бойынша зияткерлік ойынға қатысты. Шараның бала бойында отаншылдық, елін , жерін құрметтеу, өз еліне деген мақтаныш сезімін ұялатуды мақсат етті. Жалпы шара жоғары деңгейде, аса ұйымшылдықпен, биік рухты сезіну атмосферасында өтті. 
      Балабақша тәрбиеленушілеріне патриоттық тәрбие беруде біз тұтастай ұлттық патриотизмді  қарастырамыз.Сондықтан жас ұрпақ ең бастысы ұлттық патриотизм ұғымын санасына сіңіріп өсуі керек.

Жаңартылған күні: 21.06.2024 18:00
Құрылған күні: 03.05.2024 16:38

Текст