Текст
13.03.24 жылы консультативті пункт жоспарына сәйкес болашақ бірінші сыныпқа баратын балалардың ата-аналарына "Балаңыз мектепке дайын ба?" тақырыбында психолог пен логопедтің тарапынан кеңестер берілді. Мектепке не біліп бару керек жайлы ақпараттар таратылды. Мектепке жеңіл бейімделуге, жаңа ортаға тез үйренуге арналған кеңестер берілді. Сөйлеу тілін дамыту үшін үй жағдайында әр түрлі ойындар қолдануға , ұсақ қол моторикасын дамытуға, тіл байлығын жоғарылатуға арналған ақпараттар айтылды. Ата-аналардың сұрақтарына нақты жауап берілді. Жиналыс соңында логопедтік және психологиялық кеңестерімен брошюралар таратылды.