«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құзыреттілік орталығының жұмыс жоспары бойынша қараша айында жасалған жұмыс талдауы

Құзыреттілік орталығының

жұмыс жоспары бойынша

қараша айында

жасалған жұмыс талдауы

 

 Жоспар бойынша  “Баланың жеке тұлғасын театр арқылы дамыту” атты шеберлік сағат  өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – театр өнері арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, олардың өзін-өзі тануына, жан-жақты дамуына және өз ойын еркін әрі сенімді жеткізе білуіне ықпал ету. Семинарға “Балдырған-2013”, “Алтын бесік”, “Балғын”, “Балдәурен”, “Ануар-2008”, “Нұрасыл”, “Еркемай”, “Алтын дән”, “Dara kids”, “Ботақан”, “Bombini club”, “Мирас”, “Бал бала”, “Алтын сақа” балабақшаларының 16 жас мамандары мен 2 меңгерушілер қатысып, тәжірибе алмасып, театрлық әдіс-тәсілдерді меңгерді. Шара барысында келген қонақтар комедия, драма, мюзикл сияқты түрлі жанрларда ертегі көріністерін ойнап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Ересек және ортаңғы топтын балабақашадағы 80 % бүлдірішіндері өздерінің шығармашылықтарын көрсеті. Тәрбиеші Исабаева А.Б. балалармен бірге сахналық қойылымды ұйымдастырып, жоғары деңгейде өз жұмысын көрсетті. Балалардын сөйлеу қабілеттері театр қойлымы арқылы дамыту процессінде және жан жақты дамуына көп үлес қосады. Биыл ортаңғы денгейдегі балаларды қатыстырдық, былтырғы жылмен салыстырса күнделікті жасалып жатқан жұмыс нәтижесі  жоғарлады.

 Семинардың ерекше сәттерінің бірі – өз балабақшамыздың тәрбиешілері дайындаған “Біздің балабақша ертегісі” атты сахналық қойылым болды. Қойылымда тәрбиешілер шығармашылық шеберліктерін ғана емес, балалардың ертегі әлеміне деген сүйіспеншілігін арттыратын әдіс-тәсілдерді де көрсетті. Бұл көрініс қатысушылардың үлкен ықыласына бөленіп, шынайы эмоциялар мен рухани әсер сыйлады.

Әрбір қойылымда ұлттық құндылықтар насихатталып, дәстүр мен мәдениетке деген құрмет ерекше көрініс тапты. Театр арқылы ұлттық мұраның маңызын жеткізу – жас ұрпақтың рухани дамуына, патриоттық сезімінің қалыптасуына ықпал ететін басты құралдардың бірі. Осындай шаралар болашақ ұрпақтың рухани және шығармашылық дамуына үлкен үлес қосары сөзсіз.

Былтырғы оқу жылында егер 60 % тәрбиешілер қатыса, биылғы 2024-2025 оқу жылында 80 % қызметкерлеріміз қатысты. Жас тәрбиешілер өздерінің даму пайызы 20 % жоғарлады.


Текст