«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп жасына дейінгі балаларды әншілік өнерге баулу.

01.02.2021

Үш жасқа  қараған шағында баланың даусы қалыптаса бастайды, әншілік дыбыс жетілмейді, тыныс алуы қысқа болады. Бірақ балалар осының өзінде де ересек адаммен бірге әнге қосылып, музыкалық фразалардың соңын, жекелеген дыбыстардың интонациясын қайталайды.

Балалардың алғашқы әншілік интонацияларын жетілдіріп, нығайту міндеті алға қойылады. Бала әнді әлі бастан-аяғына дейін дұрыс орындай алмайды, солай болса да оны жекелеген әуендер интонациясын дұрыс қайталатуына талаптандырған жөн .

Төрт жасқа қараған шағында балалардың әншілік даусы анағұрлым ашылады, жеңіл әнді түгел айтып шыға алады. Кейбір балалардың даусы ашыла түседі.

Әншілік дауысты қалыптастыра отырып, педагог балалардың әнді қиналмастан (бірінші октавадағы ре-ми-ля) диапазонында табиғи даусымен айтуын қадағалайды.

Кіші топтарда дикцияны жөндеу жұмысына үлкен мән беріледі. Балалар көп ретте сөздің мәнін түсінбегендіктен жобалап айтады. Сондықтан жекелеген түсініксіз сөздердің мәнін түсіндіріп, оларды дұрыс айтуға үйрету қажет.

Бұл жастағы балаларға көпшілік болып біркелкі өлең айту қиын, біреулері баяу айтса, енді біреулері тым асығыстық жасайды. Педагог мұны үздіксіз қадағалап, балаларды ұжым болып әнді дұрыстап айтуға үйретуі қажет.

Бірінші кіші топтағы балалар жылдың аяғына қарай ересек адамға ілесіп өлең айтуға, әннің жекелеген фразаларын белсенді түрде қайталай алуға тиіс.

Төрт жастың соңына таман олар әнді табиғи дауысымен созып, сөздерін анық етіп, бір-бірінен қалып қоймай, озып та кетпей, әндер мен қысқа орамдардың әуенін дұрыс келтіріп, музыка жетекшінің көмегі, музыканың сүйемелі арқылы және онсыз айта білуі тиіс.

Бұл міндеттер шағын диапазонды әндер енгізілген ән репертуарының көмегімен шешіледі.

Үш жастағы балалар Д. Ботбаевтың «Мысық», Б. Дәлденбаевтың «Әй-әй, ата» әндерінде алғашқы интонацияға ыңғайлы соңғы фразаларды ғана қосылып әндетеді, өйткені ол қайталайтын әуен негізінде жазылған:

Ала мысық панданады,                Айналаға қарағыштап,

Мияу, мияу, мияу.                        Мияу, мияу, мияу.

Әлденеге қамданады                   Аузы-мұрнын жалағыштап,

Мияу, мияу, мияу                         Мияу, мияу, мияу.

Ала мысық айлалы                       Ала мысық айлалы,

Жан-жағына қаранады,               «Жуынады», «таранады»,

Мияу, мияу, мияу.                        Мияу, мияу, мияу.

Екінші кіші топта тапсырмалар бірте-бірте күрделендіріледі, кең (бірінші октавадағы ре-ля, ми-си) диапазонындағы әндер орындалады. Қайталанатын жеке фразаларға құрылған ән оны неғұрлым жақсы есте сақтап, меңгеруге мүмкіндік туғызады.

Бұл жастағы балаларға арналған әндердің көпшілігі баяу екпінде орындалады. Жылдам орындалатындары да (К. Қуатбаевтың «Біз слдат боламыз», Б. Дәлденбаевтың «Құлыншақ» әндері) бар.

Әдістемелік тәсілдер.Үш жастағы балаларды әнге үйрету жұмысында пайдаланылатын әдістемелік тәсілдерді қарастырайық. Мұнда ең бастысы — педагогтың әнді эмоциямен әсерлі орындауы болып табылады. Бұл үшін әннің ерекшеліктерін, сипатын, сарынын жақсылап ойластырып, бейнелеп жеткізу қажет.

Педагог әнді алғаш орындағанда балаларға әннің мазмұнын түсіндіру үшін ойыншықтар, суреттер пайдаланады.

Сондай-ақ ойын-тәсілдер де пайдаланылады. Мсыалы, балаларды Д.Ботбаевтың «Мысық» әнімен таныстырғанда педагог ойыншықты көрсетеді, ал ән айтылып болған соң: «Мысық сүт сүрайды». «Мя-у,мя-у» - деп әндетіп алып: «Мысық сүтті қайтіп сұрайды? Деп сұрақ қояды. Сонда балалар соңғы фразаны қосылып айтуға ынталанады. Балаларға ән ү.йреткенде (фортепианоның сүйемелдеуінсіз» педагог неғұрлым белсенді балаларды қолдап, мақұлдап отырады, ән айтуға өзі де қатысып, ұяңдау балаларға көмектеседі.

Ән үйретілген соң түрлі ойын-тәсілдерге кірісуге болады. «Бізге қонжық келді, ол отыра тұрсын, біздің әнді жақсы айтатынымызды көрсін»,— дейді педагог Б Дәлденбаевтың «Аяз Ата» әнін орындау кезінде «Аяз ата келді, тамашаны көрді, риза болып қуанып,  бізге сыйлық берді» деген сөздерге жеткенде балалар алақандарын шапалақтайды.

Екінші кіші топта үйрету тәсілдері жиірек пайдаланылады. Мысалы, педагог әуенге назар аударып, әнді 2—3 рет қайтара айтып береді, одан соң аспапта тек әуен ғана ойналады да балаларға қосылып айту ұсынылады.

Белсенді балалар әнді бірден-ақ бастап кетеді. Бірте-бірте өзгелері де қосылады.

Әнді дауысты созып айтуға үйрету айрықша көңіл бөлуді қажет етеді, өйткені балалардың көбі күбірлеп қана айтады. Педагог созылыңқы дыбыстарды әсерлі етіп әнге қосады. Балалар осыған  ілеседі.

Ән айтуға үйрету процесінде әр баланың дауысын жеке тыңдап, оның бағыт-бағдарын байқап отыру қажет. Әнді жақсы айтушыларға барлық балаларға арнап тобымен өлең айтуды ұсынған жөн, ал ересектердің әніне жақсы «қосыла алуы» үшін өлеңнің реңін дәл келтіре алмайтындармен жеке жаттығулар жүргізген жақсы.

Егер әнде орындауға қиын дыбыс ара қашықтығы (интервал) кездессе, оны қайсыбір буындарға бөліп орындауға болады. Әннің сөзі әуенімен бірге меңгеріледі, ең киын деген сөздері ғана жеке қайталанады.

Ұжым болып ән салуды (хор) қалыптастырғанда балаларды әнді бәрінің бірдей бастап, бірдей аяқтауына, ән айтып тұрғанда бір-бірінен қалып қоймауға және озып кетпеуге жаттықтыру, олардың назарын әнді ұйымдасқан түрде бірлесіп айтуға аудару қажет.

Жыл аяғында балалардың кейбір әндерді музыка жетекішінің көмектесуімен, музыкалық сүйемелдеумен және онсыз айта алатыны немесе айта алмайтыны анықталады.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 01.02.2021 14:02
Құрылған күні: 01.02.2021 14:02

Текст