«Мен өзім!» – 3 жастағы дағдарыс: ерекшеліктері және оны жеңудің жолдары
3 жас- баланың психологиялық дамуының өте маңызды кезеңі. Бұл кезде ата-аналар көбіне бәрін өзі істегісі келеді, тыңдамайды, қайта-қайта қарсы сөйлейді деген мінездерге тап болады. Бұл қалыпты даму заңдылығы.
3 жастағы «Мен өзім!» дағдарысының негізгі ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. Өзіндік «Мен» пайда болуы
Бала алғаш рет өзін жеке тұлға ретінде сезіне бастайды.
— «Мен істеймін!», «Мен таңдаймын!» деген талаптардың барлығы – осының белгісі.
— Тәуелсіз болуға деген күшті құлшыныс байқалады.
2. Қырсықтық және қарсылық көрсету
Бала:
— бұйрыққа қарсы шығады
— жай ғана жоқ деп айтады
— өзіне тиімсіз болса да, айтқанынан қайтпайды.
Бұл – өзін қорғау формасы.
3. Ызақорлық пен эмоциялық тұрақсыздық
— Көңіл-күйі тез ауысады.
— Жылау, дауыс көтеру, жерге жату сияқты әрекеттер болуы мүмкін.
— Бұл баланың эмоцияны реттеуді енді ғана үйреніп жатқанын көрсетеді.
4. Бала өзі киінгісі келеді, бірақ әлі толық істей алмайды.
Осыдан:
— ренжу,
— ашулану,
— жасай алмаймын деген күйзеліс болуы мүмкін.
5. Бағыт-бағдардың анықталмауы
— Ережені түсінеді, бірақ сақтай алмайды.
Дағдарысты жеңудің ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
1. Таңдау мүмкіндігін беру
Бала өзін маңызды сезінуі керек.
Мысалы:
— Қандай жейде киесің: көк пе, сары ма?
— Алдымен тіс жуамыз ба, әлде киінеміз бе?
2 таңдаудың болуы – ең тиімді.
2. Қауіпсіз шекара қою
Шекара қатаң, бірақ мейірімді болуы керек.
— Көшеде жүгірмейміз. Мен сенің қауіпсіздігіңді ойлаймын.
— Ойыншықты лақтыруға болмайды, бірақ жастықты лақтыруға болады.
3. Баланың эмоциясын қабылдау
— Қазір ашулы болып тұрсың, түсіндім.
— Бұл саған қиын екенін білемін.
Эмоциясын түсінгенін сезгенде бала анағұрлым тез басылады.
4. Бірге істейік әдісі
Бала өзі істегісі келеді, бірақ көмек қажет.
— Жарайды, сен киімнің жеңін кигіз, мен түймесін қағамын.
— Сен төк, мен жинап берем.
Бұл оның өзін жеңімпаз сезінуіне көмектеседі.
5. Күн тәртібін тұрақты ұстау
Тұрақтылық баланың күйзелісін азайтады:
— ұйқы уақыты бірдей
— тамақ уақыты тұрақты
— серуен, ойын, демалыс режимі.
6. Зейінін басқаға жұмсата білу
Қырсықтық басталған сәтте:
— назарын қызық затқа бұр;
— ойынға тарту
— тапсырмасын ойын формасына өзгерту.
7. Ата-ананың тыныш дауысы — ең үлкен құрал
Қатты сөйлеу, жаза қолдану дағдарысты күшейтеді.
Тыныш, түсіндіретін, мейірімді тон бәрінен тиімді.
Ата-анаға қысқа кеңестер
Балаңыздың тәуелсіздікке ұмтылысын қолдаңыз.
Үнемі тыйым салмаңыз – тыйым минимум, мүмкіндік максимум болсын.
Эмоцияны басу емес, тану маңызды.
Дағдарыс – мәңгі емес, 3,5–4 жасқа қарай бәсеңдейді.
Бұл кезең баланың тұлға болып қалыптасуындағы шешуші саты

