«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналарға кеңес: «Үй жағдайында музыканың баланың дамуына әсері»

Ата-аналарға кеңес: «Үй жағдайында музыканың баланың дамуына әсері»
1. Музыка – баланың жан азығы.
   Әуен арқылы бала эмоциясын білдіреді, тынышталады немесе көңіл күйін көтереді.
2. Үйде музыкалық орта жасаңыз.
 Баламен бірге ән айтыңыз, аспаптармен ойнауға мүмкіндік беріңіз, ұлттық ән-күйлерді тыңдатыңыз.

3.Қолдау көрсетіңіз.
   Балаңыз ән айтып немесе билеп жатса, ұялып тоқтатпаңыз. Қайта мақтап, ынталандырыңыз.

4.Музыка арқылы сөйлеу тілін дамыту.
   Ән үйрену – сөздік қорды, дыбысты дұрыс айту мен есте сақтауды күшейтеді. Ғаламтордан балаларға арналған дауыс жаттығуын қосып бірнеше рет тыңдатып,айтқызыңыз. 

5.Қиялын, шығармашылығын дамытады:
   Әуенге сәйкес қимыл жасау, музыкалық ертегілер ойнау арқылы бала шығармашылыққа бейімделеді.

6.Есту және ырғақ сезімін дамытады:
   Балалар ырғақты сезініп, дұрыс естуге дағдыланады, бұл болашақта оқуға оң әсер етеді.

- Үйде баламен бірге ән тыңдап, айтыңыз.  
- Халық әндерін, балаларға арналған әуендерді жиі қосыңыз.


Текст