

30 қазан күні балабақша бракеражды комиссиясы ас үйде дайындалатын тағамдардың сапасын, сақталу мерзімін, санитарлық жағдайын және тағам үлгілерінің сақталуын және балаларға арналған тамақтану нормалары мен ережелерін сақтау. Күн тәртібінде көрсетілген мәселе бойынша бракеражды комиссия балабақшаның ас үйіне кіріп, санитарлық жағдайына, соның ішінде тазалығына, жабдықтар мен жай күйіне, азық-түліктің сақталуына назар аудара отырып бақылау жүргізді. Асхана барлық жағдайы санитарлық нормаларға және балалардың тамақтауына белгіленген нормалар мен талаптарға сәйкес деп танылды. Ас мәзірінің сапасы, тамақ дайындау жолдары көрсетілді. Тағамдар дәмі, иісі, түсі мен консистенциясы бойынша талаптарға сай, дайын тағамдар арнайы тоңазытқышта және оның температуралық режим сақталған. Ас үй мен қоймада санитарлық жағдай жақсы. Сақталу мерзімі өтіп кеткен өнімдер анықталған жоқ.
Бракеражды комиссия нәтижесі бойынша тағамдар мен ас үйдің санитарлық жағдайы жақсы.