Текст
Қараша айының 28 күні Тайтөбе ауылы МКҚК “Сұлу-Ай” бөбекжайында құзіреттілік орталықтың жоспары бойынша «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: балабақшаға арналған ұлттық құндылықтар жүйесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Балабақша тәрбиеленушілерінде ұлттық құндылықтарға негізделген адалдық, әділдік, мейірімділік, жауаркершілік қасиеттерін қалыптастыру жолдарын талқылау.
«Адал азамат» бағдарламасының мазмұнын мектепке дейінгі тәрбие үдерісіне енгізу бойынша тәжірибе алмасу.
Перагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, бірлескен жұмыс жүйесін қалыптастыру.
Келген әріптестер балабақшадағы ұлттық құндылықтар жөнінде өз ойларын ортаға салып, белсене қатысты.


