«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Балдаурен-Сан” ЖШС “Балдәурен” балабақшасы “Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамытудағы ойындардың рөлі” семинар - практикум

2025-2026 оқу жылына арналған «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Алтын дән» балабақшасы» МКҚК  базасында құрылған құзыреттілік орталығының жұмыс жоспары бойынша “Балдәурен” балабақшасында жас педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру және әдістемелік тұрғыда қолдау көрсету үшін әдіскерлер мен тәрбиешілерге “Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамытудағы ойындардың рөлі” шебер сағат өткізілді.

    Бұл семинарға Қосшы қаласы  білім  бөлімінің әдіскері,  10 балабақшадан  2 әдіскер мен 10 тәрбиеші, “Балдәурен” балабақшасынан 10 тәрбиеші қатысты, оның  80 %  жас мамандар. Былтырғы жылмен салыстырғанда құзіреттілік орталығының шараларына жас мамандарды тарту жолға қойылды. Әр жас маман осындай шаралаға қатысып, тәжірибе алып әдістемелік білімдерін көтеріп отыр.

 «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы ойындардың рөлі» атты  тәжірибе алмасу  мақсатында ұйымдастырылған семинар-практикумда 10 тәрбиеші өз тәжірибелерін ортаға салып,  балалардың жасына  сай әр түрлі ойындарды көрсетіп таныстырды. Кіші топтың тәрбиешілері Шәріп Айгүл мен Мадиева Меруерт Мұратханқызы “Ауылға саяхат” пен балаларға әр дайым қызықты “Көк трактор” ойындарын көрсеті, ортаңғы топтардын тәрбиешілері Нургалиева Слушаш Тастанқызы мен Жунусова Анар Құрманбекқызы сенсорлық ойындармен таныстыра кетті және  балалардың зейін тұрақтылығы мен есте сақтауды, сөйлеу тілін дамытуды, интеллектуалды және шығармашылық дамуды жетілдіру, эмоционалды көңіл-күйін орнықтыруда нейрожаттығуларды көрсетті. Ересек топтын тәрбиекшілері Тұрмаханова Жанагүл Советбекқызы мен Ботбаева Балауса Тынысбаевна 4-жастағы балалардын сөздік қорын молайту, сурет бойынша әңгімелесу дағдысын қалыптастыру, әрекеттерді атау,  сипаттау арқылы байланыстырып сөйлеуді дамытуға арналған дидактикалық ойын жинақтарымен таныстыра кетті. Мектепалды топтардың тәрбиешілері Кожагулова Асыл Муратовна, Ыхлас Ақбөпе Советбайқызы, Алимсаева Салтанат Сейтхасымовна өте қызықты көп ойындар көрсетті, оның ішінде:

1. “Балалармен көңілді сұхбат”

Мақсаты:

* Сөздік қорын дамыту: Баланың тақырып бойынша сөздік қорын байыту.

* Байланыстырып сөйлеуді жетілдіру: Баланың толық сөйлемдермен жауап беруіне, өз ойын дәйекті жеткізуіне үйрету.

* Сұрақтарға жауап беру дағдысын қалыптастыру: "Не?", "Қалай?", "Қайда?", "Неліктен?" деген сұрақтарға мағыналы жауап беруді үйрету.

* Сурет бойынша әңгіме құрау: Суреттегі заттарды, әрекеттерді сипаттай отырып, шағын әңгіме құрауға ынталандыру.

2. «Бақаны тамақтандыр» ойыны

Мақсаты:

         •        Баланың сөйлеу аппаратының бұлшықеттерін (ерін, тіл, ұрт) белсендіру.

         •        Дұрыс тыныс алуын қалыптастыру және тыныс күшін реттеуге үйрету (үрлеу дағдысы).

         •        Еріннің қимыл-қозғалысын дамыту (дөңгелету, созу, бекіту).

         •        Тілдің қозғалыс координациясын жақсарту.

         •        Зейінін, дәлдігін және қол-көз координациясын дамыту.

         •        Сөйлеуге дайындық дағдыларын қалыптастыру (дыбысты анық айтуға дайындалу).

3. “Үйшік” ертегісі ерекше қойылымда. Мақсатты: балалардың сөздік қорын дамыту, ауызшы сөйлеу машығын жетілдіру, бала сөйлеуді үйрене келе, айналадағы дүниені танып біледі, көрген-білгенін достарына сөз арқылы жеткізеді.

4. “Саяхатшы дорба”, мақсаты баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеу үстінде қалыптастыру, заттарды қарау, сурет қарау арқылы  және  жұмбақ шешу мақсатында балалардың сөздік қорын дамыту.

Семинар-практикумға келген әріптестер баланың тіл дамыуна арналған ойындарын алып келіп, көрсетті.

Бұл семинар-практикум тәжірибе алмасу түрінде жоғары деңгейде  ұйымдастырылды және өз  мақсатына жетті.

Әр қалалық семинардан жас тәрбиешілер өздерінің жұмыстарына көп мәліметтер алып, жаңа дидактикалық ойындармен танысып, әрі қарай тәжірибесінде қолданып келеді.


Текст