14.11.2025
14.11.2025 ж. ересек топтар «Куншуақ», «Балдәурен» балаларға арналған қызықты шара өтткізді. Іс-шараның басында тәрбиеші балаларға ертегі бойынша сұрақтар қойып, олардың есте сақтау қабілетін тексерді. Балалар мультфильмнен үзінді көріп, оның қай ертегіден алынғанын айтып берді. Негізгі бөлімде бүлдіршіндер «Бауырсақ» ертегісін қолғап-қуыршақтар арқылы сахналады. Әр бала өз кейіпкерін келістіре орындап, ертегінің мазмұнын әсерлі жеткізді. Шара соңында балаларға қонаққа «Бауырсақ» ертегісіндегі Қоян келіп, олармен ойын ойнады. Сюрприздік сәт ретінде «Балдәурен» тобының тәрбиеленушісі Акерке «Быз бақыты — баламыз» әнін орындап, көрермендерге ерекше көңіл сыйлады. Бұл іс-шара балалардың шығармашылығын, сөйлеу дағдыларын және өзіне деген сенімдерін дамытуға бағытталған көңілді әрі тәрбиелік мәні зор болды.