«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қыстың адам денсаулығына пайдасы.

29.01.2021

Қыста ауа тазара түседі, демек оттегі көбейеді. Зиянды заттар азаяды, оларды қар өзіне сіңіріп алады. Суық ауаның әсер етуі қан айналымын жақсартады, сол себепті тері созылғыш болады. Аязда вирустар өледі, сөйтіп ағзаның иммунитеті артады. Өйткені жылыну үшін адам белсенді қимылдайды, инфекциямен күресетін лейкоциттердің жұмысы күшейеді, интерферон көп түзіледі. Адам дене жаттығулары арқылы шыныға түседі.

Бір қызығы, қыста ауырсынуды сезіну біршама төмендейді. Себебі -5 градустан төмен температурада жүйке ұштарының сезімталдығы азаяды. Олар миға дабыл беруін азайтады. Сондықтан ауырған, ауыртып алған жағдайда аязда серуендесе, ол біршама басылады. Аяз жүйке ширығуын, бас ауыруын басады.

 

2.Ағаш тамырымен, адам ұрпағымен

Бала үшін бас ұстаз – ата-ана екенін ескерсек, жақсы ата-ана бола білу аса жауапты іс. Бала табиғатын тану, оны түсіну, жөнімен еркелету, шынайы қарым-қатынас құру, оның бойындағы бар ерекшелікті көре біліп, қабілетін дамыту, бағдарлау, ынталандыру – ұрпағының ертеңі үшін алаңдайтын парасатты ата-ананың игілікті әрекеті. Өміріміздің ең мәнді өзегі – тұлғалық тұрғыда толық қалыптасқан парасатты перзент тәрбиелеу.Сан мың отбасының өзара гармонияда ғұмыр кешуі кез келген өркениетті жұрттың басты мұраты. Айналасына қажеттілігін сезініп, қадірлі екеніне көзі жеткен жанның өміріне мән бітеді.

  • IMG20210128111710.jpg
  • IMG20210128111718.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.01.2021 12:19
Құрылған күні: 29.01.2021 12:19

Текст