Текст
Балабақшамызда 7 - 9 мамыр мерекелеріне орай мектепалды даярлық топтарының арасында спорттық сайыс өтті.Тақырыбы: "Жас ұландар мақтанышы елімнің!"
Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау. Балалардың бойында Қазақстан армиясына деген құрметті сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балалар мен акелердің жақын қарым- қатынасын жақындастыру, жағымды эмоцияларын көру, төзімділікті, қиялды, ой өрісін дамыту. Бәсекелестік қасиеттерін арттыру, өзара көмек, қолдау сезімін тәрбиелеу.