АҚПАРАТ
Өткізілген орны: Қосшы қаласы «Алема» балабақшасы
Қатысқан топтар: «Өркен», «Балапан» мектепалды топтары, «Ботақан», «Балбөбек», «Болашақ» ересек топтары.
Семинардың мақсаты:
Мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық сауаттылығын қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапты көзқарас пен еңбек дағдыларын дамыту.
Семинардың өту барысы:
Семинар аясында тәрбиеленушілер Қосшы мәдени-спорт орталығындағы «Тірі табиғат» аймағына танымдық топжорық жасады. Топжорық барысында балалар табиғи ортадағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен танысып, табиғатты қорғау, аялау туралы түсініктерін кеңейтті.
Семинар «Жасыл балабақша» жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба барысында балалармен бірлесе отырып көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Ағаш пен гүл көшеттерін отырғызу әрекеттері түсіндірілді, дәнді дақылдар – бидай мен арпа егіліп, олардың өніп-өсуі балалардың өз бақылауында болды. Сонымен қатар көкөністің бір түрі – пияз отырғызылып, оны күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді.
«Өркен» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Бекбосын Дінмұхаммед арпа дәнін топыраққа егіп, 5–6 күн ішінде оның өсу кезеңдерін бақылап, тәжірибесімен бөлісті. Ал осы топтың тәрбиеленушісі Кеңес Раяна пияз тұқымын отырғызып, суарып, оның тамырланып, жасыл сабақтарының өсуін бақылап, нәтижесін таныстырды.
Ботақан» тобының тәрбиеленушісі Қуанышбек Аянат бидайды үй жағдайында топырақсыз, гидропоника әдісімен егіп-баптау жолдарын түсіндірді.
Семинар барысында «Балапан» тобының тәрбиеленушісі Орынбасар Айша гүлдің құрылымы, оны отырғызу тәсілдері және табиғат пен адам өміріне тигізер пайдасы туралы мәлімет берді.
«Балбөбек» ересек тобының тәрбиеленушілері Кеңес Адина мен Қайрат Раяна ас көктің үй жағдайында егілуі, күтіп-бапталуы және оның денсаулыққа пайдасы жөнінде баяндады.
«Болашақ» тобының тәрбиеленушісі Армия Аяла «Ақжелкенді» егу, күтіп-баптау жолдары мен оның пайдалы қасиеттері туралы толық түсіндіріп өтті.
Қорытынды:
Семинар құзыреттілік орталығының жылдық жоспары бойынша өткізілді, семинарға Қосшы қаласы балабақшаларынан тәрбиешілер қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Мектепке дейінгі білім мекемесінде экологиялық жобаларды балалардың жас ерекшелігіне сай ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық беріліп, балабақшада «Жасыл» бұрыш ұйымдастырудың жолдары көрсетілді. Тәрбиеленушілерді балабақшадан бастап зерттеу жұмысына баулу, кіші ғылыми жобалар өткізу тәжірибесі айтылды. Мүмкіндік болған жағдайда балабақша ауласынан жылыжай ұйымдастыру ұсынылды.
Семинар барысында балалар экологиялық бағыттағы тәжірибелік жұмыстарға белсене қатысып, табиғатты аялау, өсімдіктерді күтіп-баптау дағдыларын меңгерді. «Жасыл балабақша» жобасы баланың дүниетанымын және қоршаған ортамен байланысын қалыптастыратын бірден-бір жоба екені аталып өтілді.