Өткізілген орны: Қосшы қаласы «Жанбота» балабақшасы
Мақсаты:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы балалардың танымдық, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, сондай-ақ білім беру процесінің сапасын арттыру.
Іс-тәжірибенің өту барысы:
Қазіргі таңда қоғамның барлық саласында цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы білім беру жүйесіне де үлкен өзгерістер енгізуде. Соның ішінде мектепке дейінгі білім беру саласында ақпараттық технологияларды қолдану – уақыт талабы болып отыр.
Сол мақсатта балабақша педагогтары іс-тәжірибе алаңында өздерінің күнделікті қолданатын әдіс-тәсілдерін бір-біріне айтып, тәжірибе алмасты.
“Балапан” тобының тәрбиешісі Хамитова Ляззат Ермекқызы “Мектепке дейінгі білім берудегі ақпараттық технологияландырудың өзектілігі” жайлы толық түсіндіріп, Canva, ChatGPT, Gemini қосымшаларын пайдаланып, балаларға қызықты тапсырмалар, ертегілер, кьюар арқылы суреттерді сөйлету тәсілдерін атап өтті.
Тәрбиешілер сурет салатын планшеттердің де балалардың дамуы үшін үлесі бар екенін атап өтті.
Қорытынды:
Іс-тәжірибе алаңы құзыреттілік орталығының жылдық жоспары негізінде өткізілді, іс-тәжірибе алаңына Қосшы қаласы балабақшаларынан тәрбиешілер қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы балалардың танымдық, шығармашылық және зияткерлік қабілеттері дамып, білім беру процесінің сапасы артатыны айқындалды.