Текст
01.04.2026
Балабақшада Наурызнаманың он күндігіне орай "Бес аспап күні" әкелермен іс-шара өтті. Іс-шара барысында әкелер сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдің жалғасын айтып және балаларға "Асық ату"ұлттық ойынын үйретті. Сонымен қатар ұлттық қолөнер қамшы өруді үйретіп, балалармен бірге қамшы өрді. Әкелер балаларды ұлттық қолөнер заттарымен таныстырып, жасалу жолдарын түсіндірді.
Мақсаты: "Әкелер мектебінің" жұмысы арқылы отбасылық байланысты нығайтып, балаларға ата-баба мұрасын үйрету, әкелердің тәжірибесімен бөлісу.
Әкелермен бірге ұлттық ойындар ойнау мен ұлттық қолөнер заттарын жасау арқылы балалардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру