«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жасанды интеллект – болашақтың мүмкіндігі ме, әлде қаупі ме?»

ЖШС «Ердостық -2017»  «Болашақ» балабақшасында

Тақырыбы: «Жасанды интеллект – болашақтың мүмкіндігі ме, әлде қаупі ме?»

Өткізілген күні: 21.05.2026 жыл

Қатысқандар: Қатысқан педагогтар саны  9.

Шебер сынып  барысы:

  ЖШС «Ердостық -2017»  «Болашақ» балабақшасында шебер сынып  өттілді .Қатысқан тоғыз педагог .Шебер сыныпты ашып берген балабақша меңгерушісі Балғабаева Әсем Бауыржанқызы. Баяндаманы таныстырып өткен Дәулет   Гүлсая Таңатқанқызы.  Шебер сынып  барысында Жасанды интеллекттің адамзатқа беретін мүмкіндіктері өте көп. Біріншіден, ол көптеген жұмыстарды автоматтандырып, уақытты үнемдеуге көмектеседі.  Мысалы, өндіріс орындарында роботтар ауыр әрі қауіпті жұмыстарды атқара алады. Екіншіден, медицина саласында ауруларды ерте анықтап, диагноз қоюдың дәлдігін арттырады. Үшіншіден, білім беру жүйесінде балаларға жеке бағдарлама ұсынып, білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.Балабақша саласында да жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мол. Ол тәрбиешілерге сабақ жоспарларын дайындауға, көрнекіліктер жасауға, мерекелік сценарийлер құрастыруға және балаларға арналған дамытушы тапсырмалар әзірлеуге көмектеседі. Қорытындылай келе, жасанды интеллект – болашақтың үлкен мүмкіндігі. Оны дұрыс бағытта қолдансақ, балалардың жан-жақты дамуына және білім беру сапасының артуына өз үлесін қосады.

 

 

 


Текст