«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурызнама онкүндігі аясында “Шебер қолдар күні”

01.04.2026

Наурызнама онкүндігі – 3-күн: “Шебер қолдар күні”

“Шебер қолдар күні” – бұл күн ұлттық қолөнерді, шеберлікті, еңбекқорлық пен шығармашылықты дәріптеуге арналған. Бұл күні халықтың дәстүрлі өнерлері – шаш өрімдері, зергерлік бұйымдар жасау сияқты қолөнер түрлері насихатталады. Сонымен қатар, балаларға ата-баба мұрасын үйрету, шеберлердің тәжірибесін бөлісу, көрмелер мен шеберлік сабақтарын өткізу басты орын алады.

Мақсаты:

Ұлттық қолөнерді сақтау және дамыту

Балаларды еңбекке, шеберлікке баулу

Халықтың мәдени мұрасын дәріптеу

Шығармашылық қабілеттерді дамыту

Ұрпақтар сабақтастығын нығайту

Бұл күн арқылы қоғамда еңбекке құрмет, өнерге қызығушылық және ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілік қалыптасады.

Просмотров: 28


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст