Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығын нығайтуда, қимыл-қозғалысын арттыруда және таза ауада серуендеудің маңызын түсіндіру, тиімді ойындар мен әдіс-тәсілдерді тәжірибе жүзінде көрсету.
Құрылымы:
I. Кіріспе (10-15 минут)
• Қатысушыларды қарсы алу.
• Семинар тақырыбы мен мақсаты туралы қысқаша ақпарат.
II. Теориялық бөлім (20-30 минут)
•«Серуен дегеніміз не?» ой қозғау
Қатысушыларға сұрақтар қойылады:
1. Серуен дегеніміз не?
2. Баланың денсаулығына қандай пайдасы бар?
3. Серуен кезінде бала қандай әрекеттер орындайды?
4. Қызықты серуенді қалай ұйымдастыруға болады?
Педагогтердің жауаптары тыңдалады.
Жүргізуші қорытындылайды:
Серуен – баланың күн тәртібіндегі маңызды құрамдас бөлік. Ол баланың қимыл белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлауын, байқағыштығын, сөйлеуін және әлеуметтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
«Серуен дегеніміз не?» ой қозғау
Қатысушыларға сұрақтар қойылады:
1. Серуен дегеніміз не?
2. Баланың денсаулығына қандай пайдасы бар?
3. Серуен кезінде бала қандай әрекеттер орындайды?
4. Қызықты серуенді қалай ұйымдастыруға болады?
Педагогтердің жауаптары тыңдалады.
Жүргізуші қорытындылайды:
Серуен – баланың күн тәртібіндегі маңызды құрамдас бөлік. Ол баланың қимыл белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлауын, байқағыштығын, сөйлеуін және әлеуметтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Таза ауада серуендеу баланың күнделікті қозғалыс қажеттілігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Серуен барысында балалар жүреді, жүгіреді, секіреді, тепе-теңдікті сақтайды, түрлі қимылды ойындарға қатысады.
Сонымен қатар серуен кезінде табиғатты бақылау баланың танымдық қызығушылығын арттырады.
Серуеннің негізгі сауықтыру бағыттарын бірнеше топқа бөлуге болады:
1. Қимыл-қозғалыс:
жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру.
2. Табиғатты бақылау:
ауа райын, өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау.
3. Қимылды ойындар:
жылдамдықты, ептілікті, тепе-теңдікті дамыту.
4. Еңбек әрекеті:
өсімдіктерге күтім жасау, аумақты таза ұстауға көмектесу.
5. Еркін ойын:
баланың өз қалауымен ойын ұйымдастыруы.
III. Практикалық бөлім (30-40 минут)
•Қатысушылармен бірге серуенде ойналатын ойындарды ойнау арқылы тәжірибе алмасу.
•Құмда ойналатын ойындар.
•Үстел үсті ойындары.
•Қимылды – қозғалыс ойындары.
Мақсаты: Балалардың танымдық қызығушылығын арттыру, қазба жұмыстары арқылы зерттеушілік қабілеттерін дамыту. Ойын барысында балаларды мұқият болуға, заттарды салыстырып, бөліктерден тұтас бейне құрастыруға, өз ойын еркін жеткізуге үйрету.
2."Аңдарды құммен бейнелеу" ойыны
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін, қиялын және ұсақ қол моторикасын дамыту, құммен жұмыс жасау арқылы аңдардың бейнесін өздігінен жасауға үйрету. Табиғатқа, жануарларға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру, ұқыптылыққа және бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
3. "Бір қимыл,бір мақсат "ойыны
Мақсаты: Допты кедергілер арасынан дәл өткізу арқылы қатысушылардың зейінің,ептілігін,көз-қол үйлесімділігін және бірлесіп әрекет ету дағдысын дамыту.
4.«Алыптың аяғы»ойыны
Мақсаты:Дәудің аяғын киіп,белгіленген сызық бойымен жүру арқылы тепе-теңдікті,ептілікті,қимыл үйлесімділігін және кеңістікті бағдарлау қабілетін дамыту.
5. "Кім жылдам,кім тапқыр"ойыны
Мақсаты:Баланың зейінің,есте сақтау қабілетін және жылдам ойлауын дамыту. Қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру,дене мүшелерінің үйлесімді жұмысын жетілдіру.
6. "Көңіл- күй суреті"ойыны
Мақсаты:
Табиғи ортада шығармашылықпен жұмыс жасауға ынталандыру. Ұсақ қол моторикасын,қиялын дамыту
«Сәнді сөмке» шеберлік сағаты.
Сөмкені (шоппер)ою-өрнектермен, ұсақ моншақтар және асыл тастармен безендіру.
Талдау және сұрақ-жауап (15-20 минут)
• Қатысушылардың әсерімен бөлісуі.
• Семинарда алынған ақпаратты тәжірибеде қолдану бойынша
талқылау.
• Қатысушылардың сұрақтарына жауап беру.
Қатысушыларға ұсыныс:
Семинардан кейін серуенде ойнайтын түрлі ойындарды күнделікті жұмыс барысында қолдана отырып, балалардың дамуын бақылап, нәтижелерін талдау.