«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалардың балабақшаға бейімделуі.

27.11.2020

        2020-2021  оқу жылында «Жұлдызай» ортаңғы тобына 24 бала қабылданып, қазіргі таңда кезекші топта 15 бала  тәлім алуда.2017 жылы дүниеге келген  бүлдіршіндеріміз, балабақша есігін алғаш аттауда.

      Әрбір бала балабақшаға алғаш келгенде бейімделу кезеңінен өтеді. «Адаптация» ұғымы латын тілінен аударғанда икемделу, бейімделу деген мағынаны білдіреді. Бейімделу кезеңі әртүрлі болуы мүмкін. Заңдылықтардың бірі-бала неғұрлым үлкен болса бейімделу кезеңі соғұрлым ұзақ болады. Бейімделудің  ұзақтығы баланың даму деңгейіне де байланысты.   Баланың өмірінде  бейімделу өте күрделі  құбылыс болып табылады.  Бейімделу кезеңі біздің топтың баларына  да өз әсерін тигізбей кеткен жоқ.  Балабақшамыздың  дәрігері мен психолог маманы балалармен жүйелі жұмыс жасауы  арқылы,   балалалар қазырғы таңда  бұл сатыдан өтті. Бақылау барысында балалар балабақшаға алғаш келгендіктен, жас ерекшелігіне сай   балабақшаға бейімделуі, айтарлықтай күрделі бейімделуге жатқан жоқ.

Ата-аналарға кеңес:

  • Балаңызға балабақша не екенін, не үшін келетінін айтып түсіндіріңіз
  • Баланы үйден өзі киініп өзі шешінуін қадағалаңыз
  • Қасықты өзі ұстап, тамақты өзі жей алатынын,
  • Балалармен дос болуды, ойыншыққа таласпауын, дәретханаға сұрануды,  айтып отырыңыз.
  • Үйде балабақша режимін сақтауға тырысыңыз.

 

«Жұлдызай» тобының тәрбиешісі:

 Ахметова Ш.Қ



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 27.11.2020 08:36
Құрылған күні: 27.11.2020 08:36

Текст