Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшаларда дене тәрбиесі маңызды орын алады. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайтуға және өз беттерімен қимылдар жасай білуді үйретуге бағытталған.
Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесінің негізгі мақсаттары мынадай: балалардың негізгі қимыл-әрекеттерін жетілдіріп,спорттық қозғалыс жаттығулары мен ұлттық ойындарды үйрету және сол үйренгендерін өз еріктерімен орындауға әрекеттендіру.
Балалбақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлері: күн тәртібі бойынша сауықтыру шаралары (таңертеңгі жаттығу, қимыл-қозғалыс ойындары, серуен кезіндегі жаттығулар мен спорттық ойындар, сергіту сәттері, спорттық ойын сауықтар) дене шынықтыру балалардың денсаулығын қалыптастырып, қимыл-қозғалыс қабілетінің белсенділігін арттырады,дені сау рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселе дей отырып, біздің балабақшадағы басты міндетіміз:баланың денсаулығын нығайту, шынықтыру, түрлі аурулардың алдын-алу сақтану жұмыстарын дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі.Спорттық жарыстар мен түрлі ойын сауықтар балалардың ой-санасының қалыптасуына, өзін еркін ұстап және жан-жақты жетілуіне әсер етеді. Дене тәрбиесіне байланысты балабақшада «Шынығамыз аязда», «Бақыт дегеніміз-денсаулық», «Біз ептіміз, шапшаңбыз», деген топ арасындағы эстафеталық жарыстар өткізіледі. Әр сабақ жан-жақты талқыланып, баланың толыққанды өсіп-жетілуі мұқият қадағаланады. Сөз соңында Н.Назарбаевтың «Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының балабақшасының барша елдің, халықтың міндеті»екенін еске саламын. Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ кепілі!