Балабақша балалары – бұл біздің қуанышымыз және үлкен сеніміміз. Біз мектепке дейінгі балалық шақтың адам өміріндегі бірегей кезең екендігін есімізде ұстаймыз және оны қысқартуға талпынбаймыз. Сондықтан, біз әр балаға қамқорлық көрсете, оның білуге құмарлығын және балаусалық сезімін қолдай отырып, оған мейірімділік пен адалдықты тәрбиелей келе оның ерікті ашылу құқығын, тұлғалығын көрсетуін және бақытты балалық шағын бағалаймыз. Егер Сіздің балаңыз 3 жастан бастап 6 жасқа дейінгі аралықта болса және Сіз оған жылулық және мейірім бұрышын іздеген болсаңыз, бізге келіңіз. Біздің балабақшамыздың табалдырығын аттай отырып, Сіз балаңыздың оқиғаға толы және қызықты өмір сүруі үшін барлық жағдайлар жасалған балалық шақтың жарық, қайталанбас әлемінен табыласыз. Біздің қағидалар: баланың денсаулығын сақтау; сәтті тұлғаны қалыптастыру; дара тіл табу; заманауи бағдарламалар мен әдістерді қолдану; кәсібилік және жауапкершілік, с.с. білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ететін барлық жағдайлар. Біздің ұран – анасынан бізге аманат болған Бүршікті аялаймыз, жақсы көреміз және өсіреміз... Біздің балабақшамыздың мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын, оның зияткерлік, рухани және дене дамуын қорғау, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету – біздің ұжымымыздың алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Денсаулық барлығы емес, бірақ денсаулықсыз өмір түк емес.