«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»
«Алтын дән» балабақшасында өткен«Озық тәжірибе-ортақ әдіс»тақырыбындағы облыстық семинар Семинардың мақсаты: 1. Инновациялық технология түрлерімен таныстыру; 2. Балабақшада инновациялық технологияны қолданудың тиімділігін көрсету
2019 жылдың 29 сәуір айында "Алтын дән" балабақшасында Ақмола облысы балабақшалары шеңберінде «Озық тәжірибе-ортақ әдіс» тақырыбында семинар өтті.
Семинар үш бөлімнен тұрды: -Кіріспе бөлім -Негізгі бөлім -Қорытынды бөлім Семинарды Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің» әдіскерлері Нурмаганбетова Гульназ Заркейевна ашып, мектепке дейінгі жастағы балалармен ұйымдастырылған жұмыс түрлері мен әдіс- тәсілдері туралы айтып таныстырып өтті. Балабақша меңгерушісі Дидик С.Г. семинарға қатысушыларға сәттілік тілеп, балабақшаның жұмыс жүйесі туралы айтып өтті. Семинар педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында өткізілді. Семинар жұмысына облыстан,ауданнан мемлекеттік мектепке дейінгі білім мекемелерінен 38 педагог қатынасты. Семинар бағдарламасы бойынша балабақша бүлдіршіндерінің базарлығымен ашылды. Семинар барысында педагогтар білім берудегі инновациялық технологиялар арқылы ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қатысты, осы практикалық бөлімінде барлық тәрбиешілер «Алтын дән» балабақшасының тәрбиешілері Тоқсанбаева Ж.К.,Инсебаева Р.К.; Шаханова К.А.; «Солнышко» балабақшасының тәрбиешісі Гордетская Д.С.; «Аялы-ай» балабақшасының тәрбиешісі Мухамет Ж.; «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі Смадьярова М.И.; «Қошақан» балабақшасының тәрбиешісі Смадиярова И.З.; «Күншуақ» балабақшасының тәрбиешісі Ыбышева Б.Х.; «Жұлдыз» балабақшасының әдіскері Айкелова А.М. және тәрбиеші Жумагаливеа Ж.А.; «Балдаурен Сан» жекеменшік балабақшасының тәрбиешісі Әзирахмет А.Б. және «Арна» жеке меншік балабақшасыөз деңгейінде ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетті. Семинарға қатысушы педагогтар көптеген ақпараттар алды. Бүгінгі семинарда теориялық және практикалық жұмыс жасай отырып, мектепке дейінгі жастағы балалармен ұйымдастырылатын жұмыс түрлері туралы көптеген мағлұмат берілді. Қорытындысында педагогтар тақырып бойынша көрсетілген жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, ұсыныс тілектерін айтып қорытынды жасады. Семинарға келген педагогтар өткізілген оқу қызметтері қызықты, тартымды әрі мазмұнды өткендігін айтты. Семинар өте әсерлі, керекті әдіс –тәсілдерді өз іс- тәжірибелерінде қолданатындығы туралы атап өтті.
_DSC1269-min.JPG
_DSC123977777-min.JPG
_DSC1318-min.JPG
_DSC1252-min.JPG
_DSC1257-min.JPG
_DSC12297777-min.JPG
_DSC133177777-min.JPG
_DSC122377777-min.JPG
_DSC1209.JPG
_DSC1223.JPG
_DSC1217.JPG
Жаңартылған күні: 02.05.2019 16:49 Құрылған күні: 05.05.2019 19:30