«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Карантин кезінде МДҰ-ғы топтар үшін қашықтан оқытуды ұйымдастыру жолы" тақырыбында өткен онлайн конференция

17.04.2020

Балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында:

  • қашықтықтан оқытудың барлық қатысушыларының (педагогтер, тәрбиеленушілер, ата-аналар/балалардың заңды өкілдері) бейнесабақтардың басталу күнін көрсете отырып, балалардын қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы хабардар болуын;
  • қашықтықтан оқытуды өткізу үшін әр отбасында интернет-ресурстар, (вацап), байланыстың қолжетімді түрлерінің тізімін  педагогтарда да қалыптастыруды;
  • сауат ашу (аптасына 2 сағат), математика (аптасына 2 сағат) және қоршаған ортамен танысу (аптасына 1 сағат) бойынша қашықтықтан оқыту сабақтарының кестесін педагогтердің құрастыруын;
  • ересек топтарда сауат ашу 1сағат, математика 1 сағат, қоршаған орта 1 сағат.
  • Ортаңғы топтарда математика 1 сағат, сөйлеуді дамыту 1 сағат, көркем әдебиет 1 сағат
  • өткен материалдарды ескере, педагогтардың демонстрациялық материалдарды, дидактикалық ойындарды, карточкаларды кеңінен қолдана отырып,  қашықтықтан оқыту (бейнеоқыту) сабақ конспектілерін әзірлеу;
  • бейнесабақтар орналастырылатын, топтарының педагогтары әлеуметтік желілерде (Whatsаpp чаттар, контактіде және телеграммда) топ құруды;
  • ата-аналармен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін, ата-аналар педагогке баланың орындаған тапсырмаларын жіберуі үшін, сондай-ақ сабақ барысында, баланың бейнесабақтарды қабылдауы туралы және т. б. барлық нақтылайтын сұрақтарды жолдаулары үшін кері байланыс жасауды ұйымдастыру.

Әдіскерлерге:

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы) балалардың меңгеруіне бағытталған қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру;
  • мектепалды жасындағы балаларды педагогтермен бірге қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету;
  • педагогтың бейнесабақтарына мониторинг жүргізу және балалармен, ата-аналармен кері байланыс жасау;
  • жұмысты ұйымдастыру туралы қашықтықтан оқытудың барлық қатысушыларының (педагогтердің, тәрбиеленушілердің, білім алушылардың, ата-аналардың/балалардың заңды өкілдерінің) жылдам хабардар болуына ықпал ету;
  • балаларды қашықтықтан оқыту нәтижелері туралы педагогтермен ағымдағы айдың әрбір 10 күнінде бейнеталқылау өткізу.

Педагогтерге:

  • қашықтықтан оқыту нәтижелерін ескере отырып, үнемі бейнесабақ конспектілеріне түзету жұмыстарын жүргізу;
  • сабақ конспектілерін және бейнесабақтарды әдіскермен келісу;
  • бекітілген қашықтықтан оқыту кестесіне сәйкес бейнесабақтарды өткізу;
  • тәрбиеленушілер мен ата-аналар үшін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін жеке консультациялар өткізу;
  • қашықтықтан оқытудың барлық қатысушыларымен нақты кері байланысты қамтамасыз ету;
  • жүргізілген жұмыс және оның нәтижелері туралы әкімшілікті бейнеконференцияда хабардар ету.

Ата-аналар немесе тәрбиеленушілердің заңды өкілдеріне:

+

  • сабақ кестесімен (ҰОҚ), қашықтықтан оқытуды өткізу процесімен танысады;
  • Whatsapp чаттар, телеграмм және т. б. арқылы педагогтермен күнделікті байланыста болады;
  • қашықтықтан оқыту үшін балаларға уақытылы жағдай жасайды, тәрбиеленушіге бақылауды жүзеге асырады;
  • бейнесабақ (бейнежазба, фото және т. б.) процесінде орындалған тапсырмаларды күн сайын педагогке ұсынады.

 

 

 

  • Screenshot_20200417-151041.jpg
  • Screenshot_20200417-140408.jpg
  • Screenshot_20200417-150836.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 17.04.2020 16:04
Құрылған күні: 17.04.2020 16:06

Текст