Қайырлы күн ата-аналар! Өздеріңіз білетіндей қазіргі таңда пандемияға байланысты қашықтықтан оқыту – заман талабы. Балалар – біздің болашағымыз ертеңгі үкілеген үмітіміз !!!
Бүгінгі күндеріңізге сәттілік тілей отырып, балаңыздың оқу іс- әрекетіне сіздердің көмек қолдарыңыз ауадай қажет.
Олай болса, сіздерден қолдау күтеміз.
1 Балаңыздың көңіл-күйіне аса назар аударыңыз, толыққанды ұйқы, сабақ оқуға ыңғайлы жағдай жасау, үлгере алмай жатса сөкпеңіз, түрлі- түсті кітапша, суреттерді мейлінше көбейтсеңіз, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
2 Балаңыздың үніне үнемі құлақ асыңыз, берілген тапсырмаға мұқият дайындалуын қадағалаңыз.
3 Балапаныңыздың бос уақытын үнемді пайдалана білуіне, пайдалы іспен айналысуына қолдау көрсетіңіз!