05.11.2020
- Үйдегі жағдайда балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдатыруға дағдыланыңыз.
- Балабақшаның тамақтандыру ас мәзірімен танысып , баланың үйдегі ас мәзіріне балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз.
- Үйдегі жағдайда баланың өзіне-өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, әжетханаға сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғалы болуы шарт: шалбар немесе шорты замоксыз, белбеусіз.
- Баланың « социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, аулада өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжрибе жинақтаған өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.
- Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата-ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне керектігін түсңіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Сіз балаңызға көбірек осындай жылылық білдірсеңіз Сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.
- Жоспарлаңыз, балабақшаға бірінші келген мезгілінінде балаңызды бірінші күні – ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келеген балалар алғашқы күндері 3 – 4 сағат, одан әрі түске дейін, кейін балаңыздың бейімделуіне байланысты күні бойына қалдырылады.
- Кейбір балалар үшін бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау.
- Бала балабақшаға тек ауырмай келуі қажет. ОРЗ,ОРВИ сақтану үшін түрлі дәрумендер пайдалану қажет. Мұрын қуыстарына оксалин мазмен сылап тұру қажет. Ауырып қалған жағдайда баланы үйде толықтай емдеп, денсаулығы жақсы деген аңықтама арқылы балабақшаға әкеле берулеріңізге болады.
Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса балабақшаға келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз. Балаңыз балабақшаға барлық бейімделу уақытында психолог пен балабақшаның медбеке қызметінің бақылауында болады.