«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие басы-тіл

27.11.2020

             Біздің балабақшамызда қазақ тілін үйрету оқу-тәрбие жүйесінің  барлық саласын қамтиды. Сәбилік кезден  бастап –ақ саналы тәрбие ретінде  қазақ тілін үйренудің  түп негізі –балбақашада қалыптасады.

           Қазіргі таңда білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселілердің бірі білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына  қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

         Біздің балабақшамызда екі даярлық және бір ересек тобы  қазақ тілін  (орыс тілінде оқытылатын топтарда)  меңгеруде. Әр топ  жас ерекшеліктеріне сай  бағдарлама бойынша білім алуда.

        Өзге ұлт өкілдері қазақ тілін  жетік меңгеруі үшін балалармен топпен және  жеке жұмыс жасаймын. Оқу іс -әрекеті барысында:

  • Балаларды ауызша сөйлеуге үйретіп, сөздік қорларын дамытуға тырысамын.
  • Қойылған  сұраққа  диалог түрінде жауап беруге үйретемін.
  • Заттың атын білдіретін сөздерді үйретемін.
  • Заттың сынын, сапасын түр-түсін , пішінін білдіретін  сөздерді меңгерту.
  • Заттың іс-әрекетін  білдіретін сөздерді  әрі қарай кеңейтуге тырысамын.
  • Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде  ауыз қуысы арқылы  дұрыс дем алып, дем шығара білуге  үйрете отырып, дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйретемін. 3-4 сөзден тұратын сөйлемдер құрастырамыз.
  • Зат есімнің жекеше және көпше түрімен таныстыру.
  • Күнделікті сабақта естіген, білгенін ойын , ауызша айтуға үйретемін.

      Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді.  Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына  қазақ  тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен  көрнекіліктер арқылы үйрету тиімді деп санаймын. Ойын мен көрнекілік- балалардың тілді үйренуге   деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады.

      Қорыты айтқанда ,  Н.Ә. Назарбаевтың «Ана тіліне қамқорлық ең алдымен  сол тілде сөйлейтін халыққа жүктеледі» демекші, менің парызым-балабақшадағы өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді меңгерту.

                                                                                       Қазақ тілі мұғалімі: Утепова Ж.С.

  • аааааа.jpg
  • пппппп.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 27.11.2020 08:32
Құрылған күні: 27.11.2020 08:32

Текст