Текст
Мектепалды даярлық «Ақкөбелек» тобында Сауат ашу оқу қызметі бойынша, қосымша «Әуенді кесте» технологиясы пайдаланылады. «Әуенді кесте» технологиясы 2 дана кестеден (оқып үйренеміз), сөйлейтін қаламша және текшеден тұрады.
«Оқып үйренеміз» кестелері электронды сөйлейтін «Аққонжық» есімді қаламшамен оқылады. Электронды сөйлейтін қаламнын үнін тыңдаған бала дыбыстарды, әріптерді, буындарды тыңдаумен – ақ жаттап алады. Кестелерден әріптердің баспа нұсқасын көріп естерінде сақтайды. Ал текшелер арқылы әріптермен буындарды қолымен ұстап көру арқылы есте жақсы сақтайды балалар. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстардан тұрады. Кестеде көлденен қатаң, ұяң дауыссыз дыбыстардан буындар құралған. Баланың буындап оқуына көмегі мол.