Текст
Балабақшамызда қардан әртүрлі мүсін жасау дәстүрге айналып кетті. Бұл шараның басты мақсаты - балалардың қиялы арқылы еңбек сүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелеу, шығармашылық ой өрісін, қиялын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мүсінделеді. Қардан, мұздан жасалған әртүрлі мүсіндер айналаны әдемі қиялға, ғажайып бір ертегі әлеміне көз шалғандай әсер етеді.
Бұл қар қалашығы ата аналарының көмегімен жасалды, олар әр мүсінді қызығушылықпен, ізденімпаздықпен орындады.