Текст
Қыс мезгілі ерекше. Айнала ақ мамыққа оранады. Әсіресе қаңтар ақпан айларында қар мол жауып, күн аязды болады. Қыста балалар далада ойнағанды жақсы көреді. Сол себепті де біздің балабақшамызда дене шынықтыру сабақтары далада ойын түрінде өтеді. Далада қысқы ойындар өткізудің тиімділігі өте көп.
Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту, спорт туралы білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: Кедергілер, шелектер, шана, күрек, шаңғы, хоккей таяқшасы, шайба, аққалаға керекті заттар.