Бүгін балабақшамызда 25 қазан Республика күніне орай «Мәңгі жаса-қыран елім Қазақстаным » атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті.
Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен Республика күні Ұлттық мереке ретінде бекітілді. Бұл маңызды шешім халықтың қолдауына ие болып, қазіргі таңда ұлттық деңгейде аталып өтіп жатыр. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне ат салысқан осынау үлкен ұжымда бүгінгі іс-шара жоғары деңгейде атап өтілді.
Іс-шараға көптеген қонақтар келіп балабақшаға экскурсия жасап, балабақша тәрбиеленушілерімен кездесіп, ұйымдастырылған іс – әрекеттерді көрді.
Бұл қасиетті күнмен тұспа тұс балабақшамызда Арнайы түзету тобының салтанатты ашылуы ұйымдастырылып, "AMANAT" партиясы Қосшы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сейдахметов Рақымжан Ешкенбайұлы және Қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйым әдіскері Мейрманова Гаухар Кабжаппаровна лентасын қиды.
Іс-шара балабақша ұжымының және тәрбиеленуші балалапандардың концерттік бағдарламасымен жалғасты. Ұжымның әжелер ансамблі әндетіп жатса, педагогтар хор айтып, балалалар би билеп, ән айтып өз өнерлерін көрсетті. Шара соңына "AMANAT" партиясының қолдауымен жүргізілген жұмыстардың нәтижесіне орай бірқатар қызметкерлер Алғыс хаттарымен марапатталды.