"Ақбота" мектепалды даярлық тобы математика сабағында асық технологиясын қолдану арқылы бағдар бойынша кеңістікке заттарды қойып, есептер шығарғанды ұнатады. Асық терапиясы балалардың қимыл-қозғалысын реттеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөздік-логикалық ойлауды сатылай қалыптастыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға, сабырға, бірлесе әрекет етуге тәрбиелейді. Балалардың рухани дамуымен қатар физикалық дамуына септігін тигізеді. Кеңістікті бағдарлау арқылы асықты ұяшықтарға орналастыру, шертіп ату,санау, топтау және жіпке тізу баланың саусақ буындарына өте пайдалы .Бұл ойындар арқылы баланың қиялы мен ойы, ұшқырлығы, зейіні жан-жақты дамиды. Асық ойынына атамыз Бауыржан Момышұлы «Асық үлкен халықтық тәрбие» - деп баға бергендей, болашақ ұрпаққа халықтық тәрбие беру, әрбір педагогтың міндеті деп есептеймін.