«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Ұлттық аспаптар үндестігі” ұйымдастырылған іс әрекеті Сұлтанова Гүлдана Дарханқызы

05.03.2025

“Ұлттық аспаптар үндестігі” ұйымдастырылған іс әрекеті Біртұтас тәрбие аясында ұлттық құндылықтарды байланыстыра отыра өткізілген іс әрекет. Ұлттық тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады дегенмен мұнан кейін балабақшаның да ролі зор. Ұлттық тәрбиеден салт –дәстүр ауыз әдебиетінен нәр алып өскен ұрпақ қай кезде де аталар аманатына адал боларына кәміл сенеміз. Ұлттық мәдениетпен өнерді насихаттау – тәрбиенің төресі. ҰІӘ мақсаты:Қазақтың ұлттық аспаптары жайында танымын кеңейту. Музыка тыңдау, талдау барысында өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету. Музыкаға қызғушылығы мен ынтасын ояту. Ән айту дағдыларын меңгерту. Жан-жақты білімді, өткір ойлы бала тәрбиелеу.Халық музыкасына деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларға халқымыздың ұлттық аспаптары жайлы түсінік беру. Ұлттық аспаптар оркестрінің құрылуы. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары Қазақ халқының музыкалық мәдениеті ежелгі дәуірлерден бері бай мұра ретінде қалыптасқан. Ұлттық музыкалық аспаптар – қазақ халқының рухани құндылықтарының маңызды бөлігі, олар халықтың тұрмыс-тіршілігімен, тарихымен және өнерімен тығыз байланысты. Бұл аспаптар ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, халықтың тарихи жадын сақтауға, ұлттық болмысын айшықтауға қызмет етеді. ҰІӘ барысында тәрбиеленушілер өзара екі топқа бөлінді. Бірінші топ - домбыра аспабы болса,екінші топ-қобыз аспабы. Іс әрекет барысында тәрбиеленушілер түрлі жаңашыл технологиялармен тапсырмалар жасады. Басты мақсат-балалардың ұлттық аспапқа деген қызығушылықтарын түрлі ойын технологиялары арқылы арттыру.

Просмотров: 149


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст