Көктем келді тамаша,
Ақ бұлттармен жараса.
Күннің көзі жарқырап,
Көз тоймайды қараса,- деп «Алтын дән» балабақшасы «Бәйтерек» ортаңғы тобында қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, шығармашылық салаларын кіріктіре отырып қорытынды ашық оқу қызметі өткізілді.
Тақырыбы: «Жердің көркі гүл»
Мақсаты: Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге , табиғат байлығын ,сұлулығын сезіне білуге сурет көрінісін әңгімелеп,зертханалық STEM техномогиясын пайдалану арқылы оқыту.
Көктем мезгілі - жыл мезгілдерінің ішіндегі ерекше мезгіл. Себебі: бұл мезгілде тіршіліктің жаңару кезеңі басталады. Қыстың суығы кетіп, қар еріп, жер бетінің көгеретін кезі. Көктемнің белгісі болып есептелетін бәйшешек гүлі шығады. Сол сәттен бастап күн жылынып, шөптер, түрлі гүлдер шыға бастайды. Баулардағы, көшелердегі, үй маңындағы ағаштар бүршік атып, түрлі-түсті гүлдер көздің жауын алады. Дихандар жер жыртып, егін егуге дайындала бастайды.
Көктемде адамдар бау-бақшасына түрлі-түсті жеміс ағаштары, жұпар иісті гүлдер егеді. Оларға су береді, астын қопсытады. Бұл өсімдіктердің бәрі су және күн нұрымен өседі. Айналасындағы жаман шөптерден тазартады. Ал дихандар дәнді өсімдіктер егеді. Олар: бидай, арпа және картоп, сәбіз, қызанақ, қияр, орамжапырақ. Оларды өсіріп жетілдіру үшін дихан бабалардың еңбегі мол. Көктемде бізде жеміс ағаштарын егуде ата-анамызға, үлкендерге көмектесеміз.