Текст
06.01.2026
2025 жылдың 24 желтоқсан күні «Ботақан» ересек тобы балаларына арналған Жаңа жыл мерекелік ертеңгілігі жоғары деңгейде өтті. Ертеңгіліктің мақсаты – балалардың мерекелік көңіл-күйін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және Аяз ата мен Ақшақарды қарсы ала отырып, ертегі әлеміне ену.
Балалар жаңа жылдық өлеңдер айтып, тақпақтар жаттап, би биледі.Мыстан кемпір, Аққала және Қоян ертегі кейіпкерлері қатысып, мерекеге ерекше сән берді. Балалар Аяз атаны қуана қарсы алып, сыйлықтарын алды.
Мақсаты:
- Балалардың шығармашылық қабілетін арттыру;
- Сахнада өзін еркін ұстай білуге үйрету;
- Қуаныш, мейірім, достық сияқты сезімдерді бойына сіңіру.