06.01.2026
"Бәйтерек" мектепалды тобында Жаңа Жылдық ғажайып мерекелік іс-шара өтті. Балалардың көңілді күлкілері мен шаттыққа толы айқайлары музыка залын бір сәтте сиқырлы әлемге айналдырды.
Кішкентай бүлдіршіндер өздерінің тамаша көтеріңкі көңіл-күйлерімен және дайындықпен келген мерекеге ерекше сән берді. Олар ортаға шығып, қызықты ойындар ойнап, сыңғырлаған әндер шырқап, жылтыр киімдерімен жарқырап би биледі. Әрбір қимылдарынан, әрбір сөздерінен пәк балалықтың қуанышы төгіліп тұрды.
Мерекенің басты қонағы – ақ сақалды, мейірімді Аяз Ата мен оның сүйкімді немересі Қарша қыз келгенде, балалардың қуанышы тіпті еселене түсті. Аяз Ата балалардың өнерін тамашалап, әрқайсысына ризашылығын білдірді.
Сөз соңында, Аяз Ата өзінің үлкен сыйқырлы сандығын асыға күткен сыйлықтарын әр бүлдіршінге табыстады. Бұл күн "Бәйтерек" тобының кішкентай достары үшін ұмытылмас, жарқын әсерге толы мереке болып есте қалды!