Текст
06.01.2026
"Балапан"ортаңғы тобында Жаңа жыл мерекесіне арналған "Қош келдің, Жаңа жыл!" атты ертеңгілік болып өтті.
Мерекелік іс-шараға кейіпкерлер: Аққала, Аяз ата, Ақшақар келіп қатысып, балаларға ерекше көңіл-күй, қуаныш сыйлады. Балалар тақпақ,әндерін айтып, би билеп,қызықты ойындар ойнап Аяз атаға бар өнерлерін көрсетті. Балалар шырша түбінде ұйықтап жатқан Аю оянып келгенде, ерекше әсер алды, аюға арнап ән айтты. Аяз ата шырша шамын жағып, сыйлық таратқанда балалардың жүзінде ерекше қуаныш сезімі байқалды.