«Жолда абай болыңдар!»
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, есте сақтауға үйрету. Танымдық белсенділігін жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық көліктермен жай көліктердегі тәртіпті сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін,тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту. Жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру. Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
«Жолда абай болыңдар» атты ортаңғы топтар арасында жол ережесі туралы танымдық іс-шара өткізілді. Оған «Жұлдызай», «Күншуақ», «Бәйтерек» топтарының балалары белсене қатысты. Жол инспектеоры келіп, балаларға жолдағы болатын келеңсіздіктермен оның алдын алу үшін білуге тиіс жол ерелерін және белгілерін таныстырды. Балалар бағдаршам арқылы жолдан қай кезде өтуге болатынын ойын арқылы танысты. Іс-шара соңында әр топ белсене қатысқандары үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.