Текст
22.01.2026
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектепалды топтары арасында “Ата салтым – асыл мұрам” атты интеллектуалды сайысы өткізілді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Әр кезеңде қатысушылар ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен салт-дәстүрге байланысты сұрақтар арқылы өз білімдерін ортаға салды. Балалар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен тапқырлықтарын көрсете білді.Шара соңында барлық қатысушылар марапатталып, ұлттық тәрбиенің маңыздылығы тағы бір мәрте айқындалды.