Текст
12.03.2026
Күншуақ тобында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған “Аналарға арналған ретро кеш” ертеңгілігі өтті.
Мерекелік шара ерекше көңіл күймен, жылы атмосферада ұйымдастырылды. Балаларымыз аналары мен әжелеріне арнап жүрекжарды әндерін шырқап, әсерлі тақпақтарын айтты. Ретро стиліндегі әсем билерін билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Аналарымыз да белсенді қатысып, ретро стиліндегі сән үлгісін көрсетіп, кештің сәнін кіргізді. Кеш барысында қызықты ойындар ойнатылып, шаттыққа толы сәттер көп болды.