«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дидактикалық ойындар арқылы балалардың қызығушылығын арттыру»

29.10.2021

     Ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. К.А.Покровский айтқандай «Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады». Ойын бала өміріндегі тәрбиенің шешулі шарты. Бала өзінің қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Ойын арқылы балалар көп нәрсені үйреніп тез ұғынып сол ойынға қортынды жасапта үйренеді. Баланы жақсы тану, жақсы түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, ойын білімділік тәрбиенің мәні болып отыр. Сол ойындардың бірі дидактикалық ойындар.

     Дидактикалық ойынның міндеті балалардың қызығушылын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндері үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Мектепке дейінгі ұйымдарда дидактикалық ойын түрлерін пайдалану біріншіден балалардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың оқу қызметіне деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Үшіншіден, балалардың танымдық процестерінің одан әрі дамуына көмектеседі. Осы ойын арқылы балалардың ойлау қабілеті, естеу сақтау үрдісі, сөздік қоры молайып жүзеге асады.

 

Просмотров: 255


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст