Текст
Білім беру саласы «Таным», «Жаратылыстану» бөлімі бойынша «Көрінбейтін ауа» тақырыбында «Ақкөбелек» ортаңғы тобында тәрбиеші Нургалиева Раиса Нуралиевна ұйымдастырылған ашық оқу қызметін өткізді. Сабақтың мақсаты балаларға бағыт-бағдар бере отырып жұмыс істеуге, ауа жайында зертханалық түсінік беру. Тақырып мазмұнын меңгерту. Ауаның түссіз, иіссіз, дәмсіз, мөлдір екенін дәлелдеу. Сабақ барысында балалар тәрбиешімен бірге ауамен және сумен түрлі тәжірибелер жасап, балалардың сабаққа деген қызығушылығы арта түсті. Ашық оқу қызметіне жас мамандар тәжірибе алмасу мақсатында келіп қатысты. Сабақ соңында әдіскермен бірге талқылау жүргізілді.